Анамның: «Қайдағы құрама? Менің қызым – спортшы? Жоқ-жоқ-жоқ. Бұл біздің өмір тарихымыз емес» дегеніне қарамастан, мен қалып, жаттығуымды жалғастырдым.

Мен спортқа ебедейсіздеу бала болып келдім. Қатардағы мектепте білім алып, лезгинкамен айналыстым. Бірде дос қыз семсерлесу үйірмесіне жазылды. Мен де қалыспадым. Нәтижесінде ол кетті, ал мен қалдым.

Мектептегі сабағым мен жаттығуды бірге алып жүру оңай болмады. Бірде бапкеріме келіп «Мен жеңілдім. Енді мұнымен айналыспаймын» дедім. Алғаш рет өз-өзімді ұстай алмай, жүйкем сыр бере бастаған еді. Бапкер болса, нағыз қиындықтар құрамаға енгенде басталады деді. Кезінде ата-анам бойымнан нағыз спортшыға тән мінезімді байқамаса керек.

Мен спорт мектебіне ауыстым және бір жаттығуым екеу болды – таңертең және кешке. Алғашқы екі апта қиын болды, бірақ кейін үйреніп кеттім. Қазір ол өмірімнің бөлшегі, менің жұмысым. Осыдан екі жыл бұрын мен ұлттық олимпиада құрамасына мүше болдым.

Әу-баста жаттығуларыма ел көру, жер көру мүмкіндігі дем берді. Үлкендер құрамасына қарап, «Олар бүкіл дүние жүзін аралап шықты. Неге менің қолымнан келмейді?» деп ойлайтынмын. Сосын мен жеңе бастадым.

Жеңістің тәтті дәмі – мені осы спортта қалуыма түрткі болған басты себеп.

2016 жылы біз Азия чемпионатына бардық. Не болып жатқанын түсінгеніміз шамалы. Аз ойлап, көп әрекет еттік. Қазақстаннның тарихында тұңғыш рет біз жеңдік. Бізде ерлер құрамасы үнемі жақсы нәтиже көрсетеді, ал бұл жолы қыздар суырылып алға шықты – «17 жасқа дейінгі» командалар арасында бірінші орынды ұтып алдық.

Әлем чемпионаты алдында менің оқу-жаттығу жиыным Германияда өтті. Мен ангинамен ауырып қалдым. Ыстығым көтеріліп, төсек тартып қалдым. Төсекте жатып семсерлестім, ойша. Сондай аутогендік жаттығу. Кейін жарысқа келдім және қола алқаны еншіледі.

Біз, спортшылар, өзіміздің мәңгілікпіз деп атаймыз.

Егер дұрыс ойлап, өзіңді сенімді сезінбесең, қанша жаттықсаң да қолыңнан ештеңе келмейді. Барлығы біздің басымызда!

Мен спортта да, өмірде де өте шыдамдымын. Егер дәл қазір қолымнан бір нәрсе келмесе, ертеңгі күні еңбегімнің, дұрыс ойларымның арқасында оның қарымтасын қайтаратынымды білемін.

Семсерлесуге арналған жолға шыққанда бұл сенің жерің екенін сезінуің керек. Сен қарсыласыңа қарағанда мықтысың, алдасың. Бірақ оны қашанда құрметтеуге тиістісің.

Ұжымда біз біруақытта доспыз және қарсыласпыз. Құрамада тек төрт орын ғана. Әркім өзінікі үшін күреседі. Осы шекараны өткере білуің қажет. Себебі бүгін қарсылас болсақ, ертең бір командада семсерлесеміз. Әзірге бұл қолымыздан келмеуде, дегенмен үйренеміз деп ойлаймын.

Анам мен үшін психолог. Тіпті кей тұстарда бапкерім де. Ол менің Қазақстан бойынша ғана емес, әлем рейтингісіндегі қарсыластарымды да жақсы біледі.

Менен «Қай елдікісің?» деп сұрағанда «Мен Қазақстаннанмын» деп жауап беремін. Зор мақтанышпен айтамын. Еліміздің әлем картасында үлкен мемлекет екенін бәрі біледі. Қайда және қалай тұрып жатқандарына наразы адамдар мені қатты таңқалдырады. Мен үшін ең қорқыныштысы да – сондай адамдардың қатарынан болу. Әркім өз қалауынша өмір сүреді және барлық жерде бақытты болуға мүмкіндік бар.

Біздің бақытты болуымыз үшін, таңертең қуанышпен оянып, жұмысқа баруымыз үшін барлық мүмкіндік бар.

Олимпиада ойындары – менің қол созған арманым. Бес жылдан кейін менің жасым 22-ге толады. Мен оқуымды аяқтауға тиіспін, сосын жаттықтырушы болып жұмыс істей аламын. Түрлі додаларда өнер көрсету мен балаларды тәрбиелеу ісін бірге алып жүргім келеді. Семсерлесу спортын Қазақстанда жаңа деңгейге шығарсам деймін.

Мен өзімді, өмірдегі өз жолымды таптым деп есептеймін және қазір оның ең биік шыңына жетуге тырысудамын. Дәл осы уақытта, дәл осы жерде өзім үшін, елім үшін, халқым үшін, жақындарым үшін қолымнан келгеннің бәрін жасауға талпынудамын.

(c) Тамила Муридова

Еще герои