Мен Ақтау қаласында дүниеге келіп, сол жерде ер жеттім. Ереванда, Алматыда тұрған кездерім болды. Бірақ өмірде өзіме қажеттінің бәрін Ақтауда жүзеге асыра алатынымды сеземін.

Теледидар арқылы NBA және AND1 көше баскетболдарын үзбей қарап, бақылай бастағанымызда 12-13 жаста едік. Кейін алаңға шығып, ойыншылардың жасағандарын қайталауға тырысатынбыз, Джорданға ұқсағымыз келетін. Біз алаңда сынған дөңгелектермен, ойлы-қырлы асфальтта ойнайтынбыз. Ал фильмдерде Лос-Анджелес жағажайларындағы керемет ойын-сауықтарды көрсететін.

Бір күні бізде де солай болатыннын тіпті елестете алмадық.

Мен 10 жылдан артық мұнай саласында вахталық тәсілмен жұмыс істеп келдім. Бұл маған негізгі қызметіммен қатарлас музыкамен және шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік берді. Белгілі бір мансаптық дәрежеге жеткенімде мені әртіс не шетелдік компанияның маманы ретінде ғана емес, сондай-ақ өз айналасында ниеттес жандарды жинап алуға қабілетті менеджер ретінде қабылдай бастады. Сөйтіп, уақыт өте келе маған Маңғыстау облысының баскетбол федерациясын ашып, басқаруға ұсыныс жасады.

Мен ұйымдастырған алғашқы іс-шара – бұл 6000-ға жуық бала қатысқан баскетболдан мектеп лигасы болды. Балалардың жайнаған көздерін көргенде, бұл істің менікі екендігін түсіндім.

40 жасқа аяқ басқанда 10 жылдан кейін қандай да бір істі бастайтын емес, қайта логикалық соңына жеткізетін кездің келетінін түсіндім. Мен өз қызметімді тастап, кәсіби спортты дамыту бағытын таңдадым. Міне, 2 жыл болды, маған ғана емес өзгелерге де ұнайтын қозғалысты құрудамын. Менің мақсатым – әлемдік деңгейге шығу.

Алаң – сын-тегеуірін орны. Прайм-таймға өту үшін сен өте жақсы болуың тиіс. Жігіттер күн демей, түн демей еңбектенеді. Нәтижесінде көрермендердің ыстық ықыласына бөленеді. Олардың есімдерін жатқа біледі. Ине шаншар жері жоқ трибуналар оларға алға жылжуға ынталандырады. Міне, осы үшін мұндай ивенттер керек.

Жастармен жұмыс жасау барысында тұлғалық ерекшеліктеріне баса назар аударған абзал. Жастарға дәл осы жерде және дәл қазір қаһарман атануға мүмкіндік беріп, оның даму жолын көрсету қажет. Спортшының суперқаһарман атануға, қаһарман іспетті емес, оның нақ өзі болуға мүмкіндігі бар.

Менің жоспарларым сондай көп. Тек ең күшті қорқынышым – өз өлімім. Мен өз жоспарымды 5-10% ғана іске асырып үлгерген сияқтымын.

Өзімді алғаш рет патриот сезінген кезімді ұмытқан емеспін. Қазақстан тұңғыш рет Жаңа Зеландияда өткен U19 Әлем чемпионатында өнер көрсетті. Мен адам толы залға кіріп келдім. Біз алаң иелерімен сынға түсіп жатқан едік. Міне, матч аяқталып, біз жеңіске жеттік. Жым-жырт тыныштық орнаған. Жүрегім кеудемнен шығып кетердей. Қуаныштан секіріп жүрміз. Сол сәтте Қазақстанның, туымыздың, құрама командамыздың мен үшін қаншалықты қымбат екенін түсіндім.

Мен бақыттымын, өйткені армандауға және 12 жасар жасөспірімнің арманын жүзеге асыруға мүмкіндігім бар. Мен бұл елге сол үшін ризамын. Меніңше, Қазақстанда ғана этникалық емес қазақтарға мұндай жетістікке жетуге мүмкіншілік берілген. Тек бізде ғана өзге ұлттың өкілдеріне деген зор осындай шыдамдылығымыз бар.

(c) Самсон Аракелян

Еще герои