Бұл тұрмыстық қалдықтарды утилизациялаудың ең қауіпсіз тәсілі.

Барлығы менің Facebook-тен асқазанында 30 пластик қалташа табылған кит жайлы көрген видеомнан басталды. Кит өзімен бірге біздің табиғатымызға қауіп төнгені туралы хабар әкелген еді. Мен табиғаттың ластану мәселесін зерттей бастадым.

Сіңілім екеуіміз қоқыстан қандай әдемі зат жасасақ деп ойладық – бұл қызықты. Нені қалай жасау керектігін Youtube-тегі шетелдік блогерлердің видеолары бойынша үйрендік. Бәрі қарапайым: дизайнды таңдап, 20 пластик қалташаны үтікпен басып, сығымдаймыз. Нәтижесінде кенеп пайда болады. Міне, осы кенептен шамамен 5 жұп әшекей жасаймыз. Бір жиынтықты әзірлеу үшін 3 сағаттай уақыт кетеді.

Шешуін қажет ететін мәселелер қашанда болады. Біз оған көз жұма қарай алмаймыз және бұл жайында барынша көп адамдарға айту біздің қолымыздан келеді.

«Жасыл жүрек» жобасында біз осы іспен айналысамыз. Біздің сатып алушыларымыз – бұл эко-қозғалысты жақтайтын немесе ерекше әшекейлерге қызығушылық танытқан адамдар. Аталған жобаның арқасында біз алматылық эко-команданың бір бөлшегіне айналдық.

Біз көшеде келе жатып, қалташаны байқап қалсақ, үйге алып келіп, жуып, арналуы бойынша пайдалана аламыз. Негізінен пластик қалташаларды супермаркеттерде «тықпыштайды». Біз оларды үйде барынша аз қолдануға тырысамыз және туған-туысқандарымызға олардың зиянын түсіндіреміз. Пластик заттардың шіруіне 500 жылға дейін уақыт кетеді екен. Алайда, нақты мерзімін ешкім айта алмайды. Себебі пластик заттардың қолданысқа енгеніне 100 жыл.

Қазіргі таңда пластиктерді қайта өңдеу жұмыстары біздің хоббиіміз. Менің негізгі қызметім бар, ал сіңілім университетте оқиды. Бірақ, болашақта адамдар пластиктерді өздері қайта өңдей алатын өз кеңістігімізді ашсақ дейміз. Негізінен, қайта өңдеу жұмыстары алып зауыттардың сыртында жүзеге асырылады және адамдар бүкіл процесті көрмейді. Бәлкім, сондықтан болар, бұл мәселенің байыбына бара бермейді.

Әрине, қайта өңделген пластик ешқайда жоғалып кетпейді, бірақ жоқ дегенде қоқыс орындарында шашылып, жерімізді ластамайды.

Пластикті өзге баламалы дүниемен алмастыруға болады. Қалташалардың орнына матадан жасалған қолдорба, пластикалық бөтелкелердің орнына қаңылтыр стақан пайдалануға болады. Мұнда, Қазақстан қолданған бөтелке теңізден бірақ шығуы мүмкін екендігін есіңізден шығармаған жөн. Ол жерде бұл пластикалық бөтелкелер ұсақ бөлшектерге айналады да фаунаның тірі ағзаларын өлтіруі мүмкін, дәл китпен болған жағдай сияқты.

Алматыда керемет орындар көп, бірақ ең сүйікті орыным – менің үйім.

(c) Саида және Дина Ыбышевалар

Еще герои