Менің Airbus-тың алып үлгісін құрсам деген өршіл мақсатым болған еді.

Мен 5 жыл Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде қолданбалы математика және информатика мамандығы бойынша білім алдым. Бірнеше жылдар бойы телекоммуникациялар саласында қызмет еттім. Қазіргі таңда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде компьютерлік графика пәнін дәріс беремін.

Бір кездері авиамодельдеумен қатты әуестендім. Модельдердің үп-үлкен бөлшектерін сандық бағдарламалық басқаруы бар станоктардың көмегімен кесетінмін. Таныстарым, менің бұл әуестігім жайлы естіп, 3D-принтерін қолдануыма кеңес берді. Ол кезде мен мұны 3D-киномен байланысты шығар деп ойлағанмын.

2014 жылы мен 3D-принтерлерді әзірлеу және өндіру бойынша білім министрлігінің грантын ұтып алдым. Мемлекет бизнеске, стартап-жобаларға өте жақсы қолдау көрсетеді. Қаржылай көмек алудың жолдары өте көп. Олар қаржы бөліп қана қоймай, құжаттармен көмектеседі, ғылыми көрмелерге шақырады және т.б.

Біз ашық ақпарат көздеріндегі әлемге әйгілі Prusa i3 моделін пайдаланамыз және оны өзіміздің қажетімізге қарай өзгертіп, жасап шығарамыз. Көпшіліктің біз барлығын қытайлықтардан көшіріп алады дейтіндері қынжылтады. Тіпті технологияларды жай ғана көшірудің өзі көп уақытты, ресурстар мен білімді талап етеді.

Мен ғылыми ортада өзіме ниеттес жандарды, яғни маған 3D-принтерлер саласын дамытуға көмектесе алатын адамдарды табу үшін университетке оқытушы болып орналастым. Шәкірттерім менің жақсы әріптестеріме айналды, ал университет жұмыс жасауым үшін зертхана ұсынды.

Орташа есеппен біз айына 20 принтер жинаймыз. Егер көбірек сату қажеттігі туындаса, біз бұдан да көп принтер жинар едік.

Менің мақсатым - 3D-принтерлер шығаратын алып компания құру және оны роботтар өндірісіне дейін дамыту.

Әрине, күндердің бір күнінде жеңіл моторлы ұшақтар құрау ісіне қайтып оралғым келеді.

Басты клиенттеріміз – оқу орындары. 3D-принтерлерді тіпті өндірістік процестерді жақсарту үшін зергерлер мен тіс дәрігерлері де пайдаланады. Әсіресе, тіс емханаларында. Адамның дені кей олқылықтарды сезе бермейді, ал 3D-принтерлер біздің денеміз аса сезімтал нақтылықты арттырады. Нәтижесінде өте сапалы әрі айтарлықтай арзан өнім шығады.

3D-принтерлерді ота алдында макеттерге жаттығу үшін қолданатын клиникалар бар. Макет – ота жасалатын адамның тура көшірмесі. Олар сол арқылы ота уақытын азайтып, ағзаның қайта қалпына келуін жеделдетеді.

Табандылықпен еңбектену- дұрыс деп айта алмаймын. Еңбектену қажет, тек бірінші кезеңдерде. Кейін жалқаулыққа жол беру керек. Себебі жалқаулық адамдарды басқаруға үйретеді.

Өз жобаңа сене білу маңызды, бірақ шындыққа тура қараған жөн. Әдетте инвесторлар бәрін орынды орнына қояды. Көбі өкпелеп, кетіп қалады. Адам шындықты қаз-қалпында қабылдағанда ғана тасы өрге домалап, ісі алға басады.

Шындыққа тура қарамаса, адам өзінің құлап бара жатқанын байқай алмайды.