Стадионда болғанымда – маған басқа ештеңе қажет емес. Бұл менің ішкі жан дүниемнің белгілі бір жай-күйі, мереке, қуаныш. Мен онымен өмір сүремін.

Мен 1941 жылдың наурызында Омбы қаласында дүниеге келдім. Әкемді соғысқа алып кетті де, анам, ағам үшеуіміз қалдық. Жейтін тамағымыз болған жоқ. Аштықтың салдарынан 5 жасыма дейін жүре алмадым. Кейін әкем оралып, өзіне тиесілі үлесін әкелді. Сол мені аяғымнан тұрғызды. Жүре бастағаныма қарамастан, спортпен айналысуыма рұқсат бермеді.

Аяқтарым сәл жақсара түсіп еді мен билеп, ән сала бастадым. Біз достарымызбен жиналып көршілерімізге концерттер ұйымдастыратынбыз. Қазір ән айта алмаймын, дауысымды матчтарда құртып алдым. Бірақ бұған еш өкінбеймін. Жүрегің қалаған іспен айналысу үшін қандай да бір құрбандыққа бара білу қажет.

Хоккей матчына алғашқы билетті маған дос қызымның ағасы сыйлады. Ол хоккеймен шұғылданатын және бізге матчқа келуге ұсыныс жасады. Сол күні ендігі барлық ойындарға баратынымды түсіндім. Кейін матчтарға жалғыз баратын болдым және ұлдармен бірге отыратынмын. Кей жанкүйерлер: «Мына қызды не үшін тыңдайсыңдар? Бұл қыз не біледі?» деп ызаланатын. Бірақ жанымдағы жігіттер «Бұл қыз бәрін сенен артық түсенеді» деп жауап беретін. Мен барлық ережелерге бірден ден қойдым және шынымен командам үшін болысатынмын.

«Астана» ФК – қазір мақтануға тұрарлық команда. Бұрындары жай ғана жақсы көріп, олардың үздік болғандарын қаласам, қазір оларды мақтан тұтамын.

Мен негізі қаланған күннен бастап бұл клубтың жанкүйерімін. Кімнің жақсы, кімнің нашар ойнайтындығын айтып бере аламын. Бірақ, мен олардың барлығын бірдей жақсы көремін. Олар менің балаларым сияқты. Мен оларды туған күндерімен, айтулы күндерімен немесе жеңістерімен құттықтап өлеңдер жазамын. Олар менің өлеңдерімді күтетіндерін және қашанда болсын мені көруге қуанышты екендерін айтады. Мен оларды көргеніме қаншалықты қуанатынымды білсе ғой.

Мен аздап психлогпын. Бірде Джорже Деспотович гол салуды қойғаны есімде. Мен бірден оның өз-өзіне деген сенімін қайтару қажеттігін түсіндім. Мен оның жанына келіп: «Бұған дейін гол соғып жүрдің – яғни сен ойнай аласың. Қолыңнан келеді, көр де тұр. Тек сабыр сақтап, өз-өзіңе сен» дедім. Міне, ол алаңға көңілі жадырап шықты, жаныма келіп, маған рахмет айтты. Біздікілер жеңе бастағанда менің бойымды қуаныш сезімі кернейді. Айналамдағылардың бәрі қуанып жатқандай болады. Жеңіске жетті ғой, сондықтан көңілсіз және ызалы жандар болмауы тиіс. Ал енді жеңіліске ұшыраса, қапа болатыным сондай, үш күн бойы ешкіммен сөйлескім келмейді.

Жанкүйерлердің жеккөрушілік мінез-құлықтары ұнамайды. Біздің командаға болыспа, өз командаңа жанкүйер бол. Сес көрсетудің, ұрысудың не қажеттігі бар? Мен мұндай әрекетті өрескел деп білемін.

Мен тіпті нан қоқымына да қуана білемін. Бізді солай үйретті. Тауқыметі қиын өмір болды. Мен ақшаға қуанбаймын. Артық ақшам да жоқ, зейнетақым ғана бар. Ақша адамды бақытты етпейді деп есептеймін. Ал қомақты ақша тіпті адамның түбіне жетуі мүмкін. Мен үшін мейірбандық – ең басты қасиет.

Ең үлкен арманым – «Астана» футбол командасының УЕФА-ның чемпиондар лигасындағы жеңісінің куәсі болу.

(c) Людмила Куфонина

Еще герои