Әдеттегі көзқарас кейбір ұсақ бөлшектерді аңғармайды, ал фотограф болса күнделікті өмірдің ең бір қызықты тұстарын бүге-шүгесіне дейін байқайды.

Мен Орал қаласында дүниеге келдім. Жол-құрылыс компаниясында ІТ-маман болып қызмет етемін. Осыдан төрт жыл бұрын сурет түсірумен айналыса бастадым және уақыт өте келе бұл хоббиім табыс табудың тағы бір көзіне айналды.

Барлығы әуесқой камерадан және стрит фотосуреттерден басталды. Мен қала өмірін еш бояусыз шынайы қалпында түсіремін.

Мені бала кезімнен мүгедектер қоғамына қосқан емес, бірақ алғашқы кезде суретке түсіруге қатты ұялатынмын. Адамдар қолымның жоқтығы аздай, фотоаппарат ұстап алғаныма таңырқай қарайтын. Бұл жасқаншақтық ендігі басылды.

Протездер тағатындықтан, кей ракурстарда түсіру маған оңай емес. Кей тұста тисе терекке, тимесе бұтаққа деп «атып жіберуге» немесе фотоаппаратты еңкейтіп немесе тағы да басқа әрекет жасап суретке түсіруге болады. Бірнеше саусақпен басу қажет пернелер комбинациясы бар. Мен оларды басқа тәсілдер арқылы жүзеге асырамын. Бұл мәселелерді шешудің өзге жолдарын табамын. Шешілмейтін мәселе жоқ.

Менің ерекшелігіме байланысты клиенттерім көп емес. Кейбіреулер менің қолымнан келмейді деп қорқады. Кейбіреулер іс-шара барысында қонақтарды шошытып алам ба деп қорқады. Есесіне менің қызметіме жүгінетіндер шынымен жылы шырайлы жақсы адамдар.

Қол мен аяқтың жоқтығы нәтижеге әсер етпейтіндігін бәріне бірдей түсіндіре алмайсың.

30 жасқа толар шағымда Қазақстан азаматының негізгі стандартарын орындадым деп ойлаймын. Менің әйелім мен қызым бар.

Надо дальше чего-то добиваться, не останавливаться. Иначе будет ступор, деградация.

Кей адамдар түгелдей мемлекетке арқа сүйейді. Билік міндетті, мемлекет борышты, жауапты деседі. Адамдар өз жауапкершіліктерінің барлығын мемлекетке артып қоймақшы. Меніңше, бұл дұрыс емес. Мен мүгедекпін, мені жайыма қалдырыңдар, маған көмектесіңдер, бітті, мен ештеңе жасамаймын дей аламын. Алайда, мен ешқашан ешкімнен көмек күткен емеспін. Барымен базар.

Бақыт адамның өз қолымен жасалатын дүние болар және бәрі тек оның өзіне ғана байланысты.

Егер менің қандай да бір пайдам болса, ол адамдардың жүрегіне үміт ұялата білгендім. Фотосуреттің призмасы арқылы мен өзімді танытамын және адамдарға бұлай да өмір сүруге болатындығын көрсетуге тырысамын. Бұл үкім емес. Махаббат – өте маңызды сезім. Міндетті түрде ер мен әйел арасындағы махаббат емес.

Туған-тусқандарыңа, өз ісіңе деген махаббат. Мен суретке түсіргенді жақсы көремін, сондықтан бұл іс қолымнан келуде.

Менің арманым – суретке түсіруді табыс табудың негізгі құралына айналдыру және National Geographic дейін жету.

(c) Гордей Трещенков

Еще герои