Бала кезімде Франция құрамасы және мадридтік Реал бойынша Зинедин Зиданның ойынсерігі болуды армандайтынмын. Кәсіби футболшы болғым келді. Алайда ата-анам футболды жарақат алу қаупі аса жоғары спорт түрі деп есептеп, мені волейболға берді. Көпке дейін алматылық клуб үшін ойнап келдім. Қазақстан чемпионаттарында да, Қазақстан кубоктерінде де жеңіске жеткен кездеріміз болды. Тіпті жасөспірімдер құрамасы үшін өнер көрсетіп үлгердім. Кәсіби спорт пен оқу арасында таңдау жасау уақыты келгенде мен екіншіні таңдадым.

Қазіргі таңда балалар дәстүрлі спорт түрлеріне қарағанда компьютерлік ойындарға көп қызығушылық танытады. Алайда, киберспортта ойыншыларды дайындау, агенттік қызметтер көрсету және т.б. бойынша жүйелілік жоқ. Осылайша, өз киберакадемиямызды құру туралы ой келді. Ал ол менің бизнес-әріптесімнің осы индустрияның қыр-сырын жетік білуінің арқасында жүзеге асты.

Біз екі пән бойынша оқыту жүргіземіз - Counter Strike және Dota. Шамамен 60 ойыншымыз бар. Шәкірттердің ойын деңгейлеріне қарай командалар жасақтаймыз. Біздің жаттықтырушылар – Қазақстан құрамасында ойнаған, локальды және халықаралық турнирлерде жеңіске жеткен бұрынғы кәсіби ойыншылар. Мәселе мынада, кәсіби ойыншылар жетерліктей көп, бірақ әрдайым жақсы ойыншы – жақсы жаттықтырушы бола бермейді. Сондықтан өз жаттықтырушыларымызды тәрбиелеп шығаруға тырысамыз

Компанияның миссиясы өте қарапайым – киберспортты жай ғана қызығушылықтан кәсіби спорт түріне айналдыру. Біз әлде бір жаңа дүние ойлап тауып отырған жоқпыз, дәстүрлі спорт түрлерінің тактикасын киберспортқа кіріктірудеміз. Ойыншыларымыз әртүрлі турнирларға қатысу үшін командалар қалыптастырамыз. Өкінішке орай, Қазақстанда жүйелі түрде өткізілетін жарыстар жоқтың қасы. Алайда, аталған индустрияның дамуына деген тренд айдан анық.

Бізге көбі сенбейді. «Үйімде үйренуге мүмкіндігім бола тұра, неге бір жерге баруым керек әрі ол үшін ақша төлеуім қажет?» деп ойлайды. Біз кәсіпқой спортшылар ретінде өз шәкірттерімізге психологпен, спорт залда жеке жаттығу сияқты түрлі жағдайлар жасаймыз. Киберспорт – бұл логиканың, реакцияның, жалпы ойлаудың дамуы, сондай-ақ компьютерлік ойындардың арқасында шет тілінде көптеген терминдерді үйреніп алуға болады. Егер сіз компьютер алдында күніне 12 сағат бойы отырмасаңыз, көз нұрыңыз бен сымбатыңызға еш нұқсан келмейді. Ата-аналардың бәрі мұны түсіне бермейді. Сондықтан біз оларға сапалы тәсілдеме бар да балаға ешқандай зиян келмейтіндігін түсіндіруге тырысамыз.

Бізге киберспортшы болғысы келетін балалар келеді. Бірақ жаттықтырушылар да, менеджерлер де оларды дарын иесі ретіне көрмейді. Мұндай жағдайда біз оларға басқа бағыт таңдауға тырысамыз. Киберспортта мұндай бағыттар өте көп: комментаторлар, SMM-менеджерлер, командалар менеджері және т.б. Қазақстанда киберспортқа қызығушылық танытушылар саны шамамен жарты миллион адамға жуық. Мұндай аудитория бар да демеушілер де пайда болады. Ал демеушілер мен ақша болған кезде тұтастай бүкіл индустрияның даму мүмкіндігі артатындығы сөзсіз. АҚШ-та киберспорттағы демеушілер саны ұлттық спорт түрлері хоккей, бейсболдағы сияқты

Киберспорт Қазақстанның имиджік құраушысына әсер етуі мүмкін. Егер біз ертеңгі күні әлем чемпионы атанатын ойыншыны тәрбиелеп шығарсақ, ол туралы бүкіл әлем білетін болады. Егер Қазақстанның көк байрағы Доте немесе Counter Strike-тан өткен әлем чемпионатында желбірейтін болса, мұның өзі біздің еліміз туралы белгілі бір пікірді қалыптастырары сөзсіз. Біз киберспорттың Қазақстанда ұлттық спорт түрлері қатарына енгенін қалаймыз. Пеле: «Әлемде үш нәрсені жақсы біледі: кока-кола, Иса және Пеле» деген екен. Мен ProgressGaming-тің төртінші болса деймін. Бұл менің арманым

Қазіргі таңда келер ұрпаққа тек жағымды әсерлер қалдыратындай өмір сүргім келеді. Өзімнен кейін өшпес қалдырсам деймін

(c) Георгий Патриашвили

Еще герои