Елімізде жаппай көгалдандыру басталғанда, оған сұраныстың жоғарлайтындығы түсінікті болды.

Мен Алматы қаласында дүниеге келдім. 1976 жылы Семей қаласына көшіп келдім және осы күнге дейін осында тұрамын. Менің қызым бар. Олар жолдасы екеуі көкөніс өсірумен шұғылданады. Біз әйелім екеуіміз Кеңес Одағы ыдырағаннан соң көкөніс өсірумен, кейін гүл өсірумен айналыса бастадық.

Мұнымен жыл бойы айналысу мүмкін болмады. Сондықтан декоративті, жапырақты және қылқанжапырақты ағаштарды өсіруді қолға алдық. Ең қиыны отбасымды бұл тәлімбақты жасауға, оның өте жақсы табыс әкелетін іс екеніне көндіру болды. Өйткені, бірде ол менің қолымнан келмеген еді.

Біз жергілікті климатқа сай келетін декоративті ағаштар өсіреміз. Бұл самырсын, сағызқарағай, көгілдір шырша, канадтық көкшіл сұр шырша, батыстық боз арша және т.б. Сонымен қатар, бізде 20-ға жуық алма ағаштарының сұрыптары бар.

Біреулері ағашты кессе, мен оларды өсіремін. Бұл игілікті іс

Менің қол астымда 10-нан 15-ке дейін адам жұмыс істейді. Әр таң сайын мен оларды тәлімбаққа апарып, орындауға тиісті тапсырмалар беремін. Кешке келіп атқарылған жұмыстарды тексеремін де қайта қалаға үйлеріне апарамын. Жұмыскерлерімнің ауылшаруашылық білімдері болмағандықтан, бәрін өзім бақылаймын.

Қазіргі тәлімбақ бұрынғы ауылдың қақ ортасында қаңырап бос тұрған нысан болатын. Коммуналдық жекеменшік басқармасы 2000 жылы оны менің иелігіме берді. Оны көтеру үшін үш жылдан бес жылға дейін уақыт қажет. Учаскіні, қоршауларды, отырғызу материалдарын, сорғыш ұңғымаларды сатып алу үшін, топыраққа күтім жасап, суару үшін қаржы қажет. Мұның бәрі көп еңбектенуді талап ететін процесс, «ұзын ақшалар». Қарағаштан бір жылдан кейін-ақ, алма ағашынан екі-үш жылдан соң, ал шыршалардан тек он жылдан кейін ғана нәтиже алуға болады.

Кез-келген іс үлкен қамқорлық пен көңіл бөлуді қажет етеді. Тәлімбағына шамам келеді. Бірде демалып, бірде ауырып та аламын. Менің ісімде жүйкеңді көп жұқартудың еш қажеттігі жоқ. Мұнда бәрі әлдеқайда оңай және тыныш

Адамдардың бойынша еңбексүйгіштікті, адалдықты және ұждандылықты қатты бағалаймын. Себебі өтіріктің арты бір тұтам. Ол айналасындағының бәрін жояды.

(c) Геннадий Мороз

Еще герои