Жалпы балалық шағымды ауруханаларда өткіздім десем болады.

Аты-жөнім Даулет Жакипбаев. Мен 1985 жылы 5-ші қарашада дүниеге келдім. Әке-шешем дәрігер болып істейді. Атам да хирург болған. Жалпы балалық шағымды ауруханаларда өткіздім.

Екінші курстан бастап қалалық жедел жәрдем станциясында кардиология бригадасында мейіргер болып істедім. Одан кейін Ұлттық ғылыми медициналық орталықта кардиохирургия бөлімінде де мейіргер қызметін атқардым. Осылайша уақыт өте келе кардиохирургияға көңіл бөле бастадым. Ал университетті бітіргеннен кейін, сол кардиохирургия мамандығы бойынша «Болашақ» бағдарламасымен Мәскеуге барып, ардинатураға түстім.

Қазақстанға оралғаннан кейін Павлодарда ашылған кардиоорталықтың туа біткен жүрек ақаулары бөлімшесіне барып орналастым. Міне, балалар кардиохирургы ретіндегі қызметімді осылай бастадым. Көбінесе бір жасқа дейінгі нәрестелерге ота жасаймын. Оқуға түспей жатып өз қалауымды жақсы білдім.

Мақсатым айқын еді. Сол себепті медицина саласының барлық тосын тұстарына дайын болдым.

Әрбір ота жадыңда сақталып қалады. Әсіресе, бірінші ота, бірінші қобалжу. Науқастардың, аурулардың түрлілігіне байланысты жасалатын ота да әрбасқа болып келеді.

Осыған орай, отаның әр түрін жасаған кезде бірінші рет жасап тұрғандай боласың.

Жалпы жүрекке бірінші отаны мен 2013 жылы Павлодарда жасадым. Ол бес жасар қыз еді. Жүрегінде туа біткен ақауы бар болатын.

Адам болған соң қорқыныш болады. Бірақ, дәрігердің ең басты міндеті –науқасты емдеу. Сондықтан, бар

Кардиохирургтың қызметі өте маңызды әрі өте күрделі. Кез-келген хирург ота жасауға бірден білек сыбана кіріспейді. Бірінші ассистенцияда тұрады. Бірнеше жыл бойы, жүздеген ота барысында ассистент болып қызмет етеді. Одан кейін оған отаның әрбір кезеңдерін тапсырады. Бірте-бірте тәжірибе жинақтап, толық дайын болғанда барып қана ол өз басы ота жасауға мүмкіндік алады. Бұған шамамен 4-5 жылдай уақыт кетеді.s

Біз ота жасау арқылы әр науқас баланың жүрегін, денсаулығын жақсартқымыз келеді. Дегенмен, әрбір істе, әрбір отада, әрбір балада нәтиже мүлдем өзгеше болуы мүмкін.

Жанұям, балаларым, достарым, сүйікті жұмысым бар. Соның бәрі бақыттың белгілері деп ойлаймын.

Біздің жұмысымызда салғырттыққа жол жоқ. Өйткені бұл адамның денсаулығы, адамның өмірі. Дәрігер болғандықтан соған жауаптысың. Сондықтан бүкіл ойыңды, біліміңді, тәжірибеңді сол науқастың денсаулығын жақсартуға жұмылдыруға тиістісің.

(c) Дәулет Жақыпбаев

Еще герои