Бала күнімдегі арманым – адамдарға көмектесу. Бұл мені дәл осы жерде, дәл қазіргі уақытта әрекет етіп, қызмет жасауыма ынталандырады

Өмірімнің 25 жылын қалада өткіздім. Туған жерім Екібастұз қаласы. Мектеп қабырғасында және университетте қоғамдық қызметпен айналысатынмын: түрлі іс-шаралар ұйымдастыратынмын, Қазақстанның студенттер Альянсының қатысушысы болдым. Университетті аяқтаған соң облыстық «Жасыл ел» штабын басқарып келдім. Одан кейін шамамен төрт жылдай «Жас Отан» жастар қанатының филиалына жетекшілік еттім

2017 жылдың тамызында Тереңкөл ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалдым. Біз бизнеске қолдау көрсету, жұмыссыздар санын азайту, абаттандыру сияқты шамамен 35 бағытта жұмыс жасаймыз. Биыл біздің ауданға 90 жыл толды. 5 жылдан кейін біз қала типіндегі ауылға айналамыз деп ойлаймын. Тұрғындар саны қазірдің өзінде 9 мыңға жетіп қалды. Жыл сайын 40-45-ке тарта пәтер беріледі.

Мен жас мамандарға арналған бір бөлмелі үйде тұрамын. Менен «Неге үлкен жер үйге орналаспадың?» деп жиі сұрайды.Әкімнің қызметі – қалай десек те шаршы метрлермен өлшенбейді ғой. Әкімнің міндеті мұқтаж жандарға көмектесу болып табылады.

Бізде орталық су құбыр жүйесі жүргізілген. 2 жыл мерзімге межеленген су тазартқыш құрылыстардың жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. 50%-дан астам үй орталық жылыту жүйесіне қосылған. Шағын және орта бизнес жақсы дамуда. 428 субъект. Кез-келген ауыл мұндай көрсеткішпен мақтана алмайды. Сондықтан, демалыс күндері жақын аудандардың тұрғындары азық-түлік пен тұрмыстық электр техникаларын сатып алу үшін бізге келеді

Әлде неге наразы адамдар қашанда табылады. Бүгін біреуін жасасаң, ертең олар басқаны қалайды. Бірақ бұл біз үшін, мемлекеттік қызметкерлер үшін өз жұмысымызды жақсарта түсу үшін тағы да бір сын-тегеуірін

Біз қоқысты өңдеу жұмыстарын 7 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға бердік. Компания қоқыстың фракциясы бойынша сұрыпталып, одан әрі өңделуін жіті қадағалайтын болады. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашты. Жағажаймен де дәл осылай жасадық. Жеке инвестор инфрақұрылым құрумен, тазалық жұмыстарымен, өзеннің түбі мен жағалауын зерттеумен айналысады.

Жастардың жаппай ауылдан қалаға тартылуы – бұл қалыпты құбылыс. Мұндайда қажетті жағдай жасай білу маңызды. Биыл 40-қа жуық жас маман мемлекет тарапынан ғана емес, баспанаға жеңілдетілген несиелу алу бағдарламасы бойынша баспана алды.

Менің жасым 27-де. Мен ауыл тұрғындарының үмітін ақтай алмаймын ба деп қорқамын. Қалай дегенмен мен сияқты жас азамат үшін бұл үлкен жауапкершілік. Қажетті күш-қуатты мен шаңырағымнан, отбасымнан аламын. Қолым бос кезде шахмат ойнағанды, велосипед тепкенді жақсы көремін. Ертістің жағалауымен серуендей жүріп, шабыттанамын

(c) Данияр Айтышев

Еще герои