Бала кезімізде біз де ниндзя тасбақаларындай епті, өзімізше батыр болуды армандайтын едік. Каратэ мен тэквандоға қатыстық. Кейін би-бойларды кездестірдік: олардың арқаларына жата қалып, айналғандарын, тура тасбақалардай сальто жасағандарын көріп аузымыз ашылып қалды. Ол кезде арнайы курстар болмады. Сондықтан MTV арнасындағы бейнебаяндар мен бейнекассеталарды қарап тізбектерді үйрене бастадық. Аталған мәдениетпен барынша жақынырақ 16 жасқа толғанда Алматыда таныстық. Бір жыл өте Астанада брейк-данстан сайыс өткенін естідік. Осылайша осы жерге келдік.

Simple System командасының құрамында біз алғаш рет 2010 жылы әлем чемпионатында Қазақстанның атынан өнер көрсеттік. Ол кезде біз «Шоу» номинациясы бойынша ең үздік 10 команданың қатарына ендік. Бұған дейін бәлкім еңбек ақысы көбірек, тұрақтылық бар басқа салаға кетсек пе деп екі ойлы болып жүргенбіз. Бірақ, шетелде көрген көрінісіміз бен алған әсерімізден кейін бұл саланы Қазақстанда да дамытуды қаладық. Осылайша біз өз жек еменшік студиямызды ашуға бел будық.

Біз қалаған студияны бір жыл үш айдың ішінде тұрғыздық. Біздңғ әлем чемпионаттары үшін жаттығу базасын құрып, жағдайы төмен отбасыларынан шыққан балаларды үйретсек деген басты мақсатымыз болды.

2016 жылы өрт құшқанға дейін біз үшін үйіміз де, жұмыс орнымыз да осы студия болды. Құжаттарымызды қолға алып, сыртқа атып-атып шығып, өз қолымызбен жасаған қара шаңырақтың отқа оранып, тура шырпы қорабындай күлі қалғанша жанып бара жатқанына қарап тұрдық. Бұл өрт қоғамда үлкен резонанс тудырды. Ол туралы бұқаралық ақпарат құралдары жазып, шәкірттеріміз біздің банктік деректемелерімізді жариялады және есепшотқа ақша түсіп жатты. Сол уақытта бізге қоғамдастық қолдау көрсетті және бұл бізді жаңа жобаларға шабыттандырды.

Қазіргі таңда би бойынша оқыту бағдарламалары үшін бизнес-жоба әзірлеудеміз. Пайдаланушы арнайы белгілері (сызықтар, әріптер, сандар) бар кілемшеге тұрып, планшеттегі сабақты қосып, қашықтықтан билеуге үйрене алады.

Біз үшін би – әдеттегі қалыптан тыс болу тәсілі. Олар біздің бойымызда жеңіске деген күш-жігерімізді тәрбиелеп, мінез-құлқымызды қалыптастырды, түрлі зиянды әдеттердің қармауына түсіп қалудан құтқарды.

BEST FOR KIDS қайырымдылық қорымен 4 жыл бойы бірлесе жұмыс жасап келеміз: балалар үйінің тәрбиеленушілерін биге үйретудеміз.

Оларға «ешқашан жеңілме» деген өз философиямызды жеткізсек дейміз

Біз кәсіби емес әртіс бола отырып, «Үйлесімділік сабақтары» филіміне түскен болатынбыз. Бұған қоса, дәл сол кезде әлем чемпионатына дайындалып жүрдік. Екі қалада, Алматы мен Астананың арасында өмір сүріп жаттық. Күн сайын біресе дайындық, оқыту-үйрету сабақтары және түсірілімдер, біресе жаттығулар. Нәтижесінде ӘЧ-да екінші орынды иелендік. Ал фильм Берлин кинофестивалінің «Күміс аю» сыйлығын алды.

Егер бұл саланың қыр-сырын білетін адамдар кетіп қалса, қазақстандық брейк-данс дамымай қалады. Сондықтан біз осындамыз және Қазақстанның әлем чемпионатында «алтынға» қол жеткізетін күні туатынына сенеміз

Біз үшін өзіміздің «ешқашанда жеңілмеу» философиямызды өзгелерге жеткізе білу аса маңызды. Қандай жағдайларға тап болсаң да, ештеңеге мойымай, тек алға ұмтыл. Өмірде қандай қиындықтар кездессе де жүрегіңнің қалауын тап, өмірлік өз жолыңды тап. Жай ғана адамдарға қызмет ет және бақытты болу үшін оларға көмектес.

(c) Әділет және Дәулет Анарбековтар

Еще герои